Мұрағатшылар конгресі 2022 ж

«Ашық қоғамға – ашық Архив» атты архившілердің I Конгресі

Тіркеу   Бағдарламаны көрсету

Біз туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві 2022 жылғы 19–21 қазанда Алматы қаласында халықаралық мамандардың қатысуымен «Ашық қоғамға – ашық Архив» атты архившілердің Конгресін өткізеді.

Шараның мақсаты – кәсіби қоғамдастықтың өзара әрекеттестігі мен конструктивті сұхбаттасуы үшін тұрақты әрекет ететін халықаралық сұхбат алаңын құру, тарихи-мәдени, құжаттық мұраны сақтаудың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстарды, шешімдерді талқылау және қабылдау, архивтерді дамытудың инновациялық жолдарын қалыптастыру, жобаларды жүзеге асыру және үздік архивтік тәжірибелерді тарату.

Ақпараттық хат

«Құрметті әріптестер!
Конгресс жұмысы келесі мазмұн бойынша ұйымдастырылады:

1 күн
«Құжаттық жадтағы бейбітшілік пен келісім – конструктивті сұхбат пен жасампаз болашақтың кепілі» атты Конгрестің Бас сессиясы. Бас сессия жұмысы аясында мәдениет, өнер, әдебиет, ғылым және білім арқылы архив құжаттарының қоғам үшін рөлі мен маңызын ашатын түрлі тақырыптық алаңдар (архивтік дискурстар) ұйымдастырылады. Конгрестің ұйымдастыру комитеті құрылып, оның жұмыс регламенті бекітіледі.
2 күн
Конгрестің Ұйымдастыру комитеті, оның құрамы мен жұмыс мақсаты жарияланады. Шақырылған негізгі сарапшылардың сөз сөйлеулері негізінде архивтік лекторийлер форматындағы кәсіби сессиялар ұйымдастырылып, олардың нәтижесі бойынша ашық талқылаулар өтеді.
3 күн
Конгресс жұмысының қорытындысы бойынша Ұйымдастыру комитетінің коммюникесі қабылданып, Конгресс дамуының бұдан арғы трендтері ұсынылады.

Конгресске қатысуға отандық және шетелдік мамандар, ғалымдар, құжат айналымы және архив ісі саласындағы сарапшылар, архив және ғылыми мекемелердің қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері шақырылады.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай.

Серіктестер

  • Алматы қаласының әкімдігі
    Алматы қаласының әкімдігі
  • ҚазҰУ
    ҚазҰУ
  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
    ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
  • Халықаралық архивистер кенесі
    Халықаралық архивистер кенесі
  • БҰҰ
    БҰҰ
  • ЮНЕСКО
    ЮНЕСКО

Спикерлер

Абдурахимова Шахноза Асатуллаевна

«Узархив» Өзбекстан Ұлттық архивінің аға ғылыми қызметкері, PHD

Әбусейітова Меруерт Хуатқызы

ЮНЕСКО-ның «Ғылым және руханият» кафедрасының меңгерушісі, Республикалық тарихи материалдарды зерттеу ақпараттық орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі

Айткулиева Берметгул Оморовна

Қырғыз Республикасы Цифрлық даму министрлігіне қарасты архив қызметінің Иссык-Куль облыстық басқармасының бастығы.

Алыбаева Мария Артельевна

Қырғыз Республикасы Цифрлық даму министрлігі жанындағы архив қызметінің төрағасы

Дмитрий Панто

Гданьск қаласындағы Екінші дүниежүзілік соғыс мұражайының бас ғылыми қызметкері, PhD докторы

Ева Ковальски

Польшаның Ұлттық естелік институтының тарихи талдау бөлімінің бас маманы

Ежы Рогозинский

В. Пилецкий атындағы Ынтымақтастық және батылдық институты, Польша

Исаев Хусан Нуруллаевич

Өзбекстан Республикасы «Узархив» Агенттігі директорының орынбасары

Йихён Чо

Корея Ұлттық архивінің архивтік ынтымақтастық жөніндегі бөлім директоры

Қайрат Әлімғазинов

Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы

Карлос Серрано Васкез

Халықаралық архивтер кеңесінің атқарушы директоры

Крис Нейлор

АҚШ Ұлттық архивтер мен құжаттар басқармасының зерттеу қызметінің атқарушы директоры

Кучарова Дилдора Лутпуллаевна

Өзбекстан Республикасы «Узархив» агенттігіне қарасты Ташкент қаласы архив істері бойынша аумақтық басқармасының басшысы

Ларин Михаил Васильевич

Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы

Марзена Крук

Польшаның Ұлттық жады Архивінің директоры

Марлен Мазен Хасан Аль Обайдалла

Иордания Хашимит Корольдігінің Құжаттама орталығының Бизнесті дамыту және IT менеджері

Махкамов Алиджан Вахобович

Өзбекстан Республикасы «Узархив» агенттігіне қарасты Өзбекстан Ұлттық кинофотоқұжаттар архивінің директоры

Нидал Ибрахим Мухаммад Әл-Ахмад

Иордания Хашимит Корольдігінің Ұлттық кітапхана департаментінің бас директоры

Нурпеисова Бакыт Еслямдбековна

тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультеті Дүниежүзі тарихы, деректану және тарихнама кафедрасының аға оқытушысы

Нұрымбетова Гүлшат Рамазановна

ХХ ғасырдағы қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығының жетекшісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор

Рихам Мохд Наим Рамзи Алмасри

Иордания Хашимит Корольдігінің Құжаттама орталығының жетекшісі)

Рустам Мұзафаров

ЮНЕСКО Материалдық емес мәдени мұра Ұлттық комитеті төрағасының орынбасары

Сергей Карпов

Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының байланыс және ақпараттандыру бөлімінің Басшысы

Угур Унал

Түркия мемлекеттік архивінің бас директоры, профессор.

Фарис Сабах аль-дин Сурмали

Иордания Хашимит Корольдігінің Құжаттама орталығының зерттеушісі

Филипп Тараторкин

Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің Архивтану және Құжаттану факультетінің деканы

Чжанга

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің «Архив ісі, құжаттама және құжаттамалық қамтамасыз ету» мамандығының 3 курс докторанты.

Шин Дон Хёк

Корея Ұлттық архивінің реставрация бөлімінің архившісі

Конгресске қатысуға тіркелу

Тіркелу…

Өткізу жері

Президент Архивінің тарихи ғимараты қаланың дәл ортасында Сәтбаев көшесі мен Достық даңғылының қиылысында орналасқан. Алматының іскерлік орталығы.

Контактілер

Электрондық пошта
office@archive.president.kz
Телефон
+7 (727) 264-69-07
Факс
+7 (727) 264-68-21
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві (Достық даңғылы, 87б)