Мұрағатшылар конгресі 2024 ж

Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» архившілерінің II халықаралық конгресі

Тіркеу   Бағдарламаны көрсету   Нұсқаулық   «Жаңа Архив» журналы

Ақпараттық хат

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Халықаралық архивтер кеңесінің (ICA), ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Өңірлік кеңсесінің қолдауымен ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Алматы қаласының әкімдігімен бірлесе отырып, «Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» тақырыбындағы Қазақстан архившілерінің II халықаралық конгресіне қатысуға шақырады.

Өтетін күні: 2024 ж.1-4 қазан
Өтетін орны: Алматы қ.
Өткізу форматы: офлайн
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын
Негізгі тезис: Қазіргі заманғы архивтер ашықтық пен қолжетімділіктің стратегиялық қағидаларын басшылыққа алып, цифрландыру, жаңғырту мен киберқауіпсіздіктің өзекті басымдықтары арқылы қоғамның назарына баға жетпес білім мен ақпараттың сан алуан көздерін ұсына отырып, орнықты даму мақсаттарының (ОДМ) барлық бағыттары бойынша жаһандық сын-қатерлерге тарихи көзқарас тұрғысынан жауап беретін қажетті құралдарды жасауға қабілетті.
Конгрестің мақсаты тарихи-мәдени, құжаттық мұраны сақтаудың өзекті мәселелері бойынша кәсіби қоғамдастықпен сындарлы диалог құру болып табылады, бұл архивтерді дамытудың инновациялық идеяларын қалыптастыруға және үздік архивтік тәжірибені таратуға ықпал етеді.
II Конгресс жұмысы келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
1

Өзгермелі климат жағдайында архивтеудегі қиындықтарды жеңу.

  • климаттың өзгеруі және архивтердің тәуекелдері;
  • ауа райының төтенше құбылыстары (жер сілкінісі, дауыл, су тасқыны, орман өрттері) және физикалық архивтер;
  • климаттың өзгеруі жағдайында архивтеу инфрақұрылымы (ғимараттар, құрал-жабдықтар, деректерді сақтаудың цифрлық жүйелері);
  • экологиялық орнықтылық;
  • орнықты білім;
  • архивтердің ОДМ-ны іске асыруға қосатын үлесі.
2

Халықаралық диалог пен құқық жүйесіндегі мұра институттары.

  • мәдени мұраны сақтау және оған қолжетімділік;
  • архивтеу және архивтерге қол жеткізудің құқықтық және этикалық аспектілері;
  • архивтер құқықтық ақпарат дереккөзі ретінде;
  • құқықтық құжаттаманы ұйымдастыру және басқару;
  • қалпына келтірудегі сот төрелігі (ресторативтік әділет);
  • репаративті және ауыспалы сот төрелігі.
3

Мұра институттары және қоғамның тарихи жадын қалыптастыру.

  • қоғамның тарихи жадын қалыптастырудағы мұра институттарының рөлі;
  • цифрлық технологиялар дәуіріндегі мұра институттары;
  • мұра институттары құжаттама және ақпараттық ғылымның бірыңғай тұжырымдамасының бөлігі ретінде;
  • тарихи жадыны сақтау бойынша миссия;
  • архивтер және азаматтық белсенділік.
4

Деректерді басқару жүйелері.

  • жасанды интеллект;
  • ауқымды деректерді басқару, қорғау және киберқауіпсіздік;
  • деректер орталықтары және инфрақұрылым;
  • цифрлық логистика, цифрлық менеджмент және цифрлық маркетинг;
  • қолжетімділік және сенімділік;
  • веб-архивтеу;
  • медиа-архивтер.
5

Институализация және архивтерді тиімді басқару.

  • тиімді менеджмент;
  • миссия және стратегия;
  • ынталандыру;
  • кәсіби этика және стандарттар;
  • сапа менеджменті;
  • архивистикадағы халықаралық ынтымақтастық.
6

Архившілердің кәсіби білімі мен дамуы.

  • архивтік кәсіби білім берудің тарихы;
  • цифрлық қоғам жағдайында архившілер мен құжат жүргізушілерді даярлау жүйесі;
  • оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
  • білім беру стандарттары және оқыту сапасы;
  • архивтік білім беру саласындағы инновациялар;
  • әлеуметтік-мәдени әртүрлілік: инклюзивтілік және өкілдік.

Құралдар

Конгресс іс-шараларының нысандары: пленарлық және панельдік сессиялар, воркшоптар, вебинарлар, архивтер мен университеттерге сапарға шығу, жетекші халықаралық және отандық сарапшылардың шеберлік сабақтары, семинарлар және хакатондар, құжаттық көрмелер.

Конгрестің нысаналы аудиториясы – мемлекеттік, ведомстволық және жеке архив қызметкерлері, тарихшылар, мәдениеттанушылар, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, техникалық және кәсіптік оқу орындарының оқушылары, IT-саласының қызметкерлері, ақпаратты қалыптастыру, сақтау және пайдалану мәселелеріне қызығушылық танытушылар.

Конгреске қатысуға өтінімдерді 2024 жылғы 1 маусымға дейін төмендегі электронды поштаға жіберуді сұраймыз: congress.of.archivists@gmail.com.

Қатысушының өтінімі

1. Тегі, аты, әкесінің аты
2. Лауазымы, ұйымы
3. Ғылыми дәрежесі мен атағы
4. Байланыс деректері (e-mail, телефон)
5. Егер сіз қатысқыңыз немесе баяндама жасағыңыз келсе, семинар, шеберлік сабағын және т.б. өткізгіңіз келсе, баяндаманың тақырыбы мен форматын көрсетіңіз

Анықтама телефондары: +7 (727) 264 69 07 (ішкі 104, 101, 107), 264 58 02, 264 38 18, +7 (717) 274 04 45.

Серіктестер

  • Алматы қаласының әкімдігі
    Алматы қаласының әкімдігі
  • Халықаралық архивистер кенесі
    Халықаралық архивистер кенесі
  • ЮНЕСКО
    ЮНЕСКО
  • ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
  • ҚР Сыртқы істер министрлігі
    ҚР Сыртқы істер министрлігі

Спикерлер

Халықаралық ұйымдар

Властимил Самек

БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі және Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының басшысы

Джеласси Тауфик

ЮНЕСКО-ның Бас директорының орынбасары, PhD

Музафаров Рустам Рахимович

Қазақстан Республикасының Материалдық емес мәдени мұра жөніндегі ұлттық комитеті төрағасының орынбасары

Рита Тьен Фу

Халықаралық архивтер кеңесінің Ұлттық архившілер форумының президенті, Суринам Республикасы Ұлттық архивінің директоры

Факсон Банда

ЮНЕСКО-ның Байланыс және ақпарат секторының құжаттық мұра бөлімінің басшысы, профессор

Конгрестің модераторлары мен спикерлері

Абдрахманов Асқар

Париж қаласындағы ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі

Әбусейітова Меруерт Қуатқызы

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы тарихи материалдарды зерделеу жөніндегі республикалық орталықтың директоры., корр-мүшесі. ҚР ҰҒА, профессор, тарих ғылымдарының докторы

Абазов Рафис Фанисович

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, Жасыл және тұрақты даму институтының директоры, PhD

Әбіл Еркін Аманжолұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, тарих ғылымдарының докторы

Ақтаева Куләйша Қабдуалиқызы

Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті Музейінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты

Александру Аржинт

Молдова Республикасы Ұлттық Архив агенттігінің цифрландыру және е-архив бөлімінің меңгерушісі

Али Рустам

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы

Әлиев Анваржон Орифжонұлы

Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы «Узархив» агенттігінің ақпараттық қызмет басшысы, директордың ақпараттық саясат мәселелері бойынша кеңесшісі

Әлімгазинов Қайрат Шәкәрімұлы

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Қолданбалы және ғылыми жобалар орталығының басшысы, тарих ғылымдарының докторы

Алпысбаева Нұрзипа Кумешбайқызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

Анн-Мари Велемено

Лувен католиктік университетінің профессоры

Ахмед Абдулла Али аль-Джибран аль-Буйенайн

Катар Ұлттық архивінің Бас хатшысы

Батурина Ольга Владимировна

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының профессоры, өнертану кандидаты

Бекішева Гаухар Оразайқызы

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Архив қорларын сақтауды қамтамасыз ету, есепке алу және цифрлау қызметінің басшысы

Бостынец Елена Александровна

Қостанай облысы Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивінің басшысы

Брендан Дюпрей

Қазақстанның тұрақты дамуының зерттеу институтының директоры, PhD

Воронцова Евгения Александровна

Мәскеу мемлекеттік әдеби музейінің аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты

Гаркавец Александр Николаевич

«Дешті-Қыпшақ» Еуразиялық зерттеулер орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы

Гинтарас Дручкус

Каунас аймақтық мемлекеттік архивінің директоры

Дин Дэшэн

Қытай Халық Республикасы Ұлттық архив басқармасының ғылыми технологиялар және ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары

Дмитрий Панто

Гданьск қаласындағы Екінші дүниежүзілік соғыс музейінің бас ғылыми қызметкері, PhD

Жақыпов Мирболат Хабиұлы

«Кызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының төрағасы

Жангуттин Бауыржан Олжабайұлы

Абай атындағы ҚазҰПУ «Digital history» зертханасының меңгерушісі., тарих ғылымдарының докторы

Ионнис Кглавинас

Грекия Бас мемлекеттік архивінің даму, коммуникация және білім беру бағдарламалары департаментінің басшысы

Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас директоры, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі

Кәрібжанова Роза Самидоллақызы

Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының орынбасары

Қожобекова Айжарқын

Орталық Азия университеті жоғары даму мектебінің азаматтық қоғам бастамасының директоры, «Әлем жады» бағдарламасының тізілімі кіші комитетінің мүшесі

Крис Нейлор

АҚШ Ұлттық архивтер мен құжаттар басқармасының зерттеу қызметінің атқарушы директоры

Кристина Станишаускe

Каунас аймақтық мемлекеттік архивінің Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы

Кюнг Павел Алексеевич

Бүкілресейлік құжаттану және архив ісі ғылыми-зерттеу институтының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты

Мазур Людмила Николаевна

Ресей Федерациясы Орал федералды университетінің Құжаттану, архивтану және мемлекеттік басқару тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы

Мақатова Жансауле Әлиқызы

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Оқу-әдістемелік орталығының аға сарапшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Маликова Сәуле Зейноллақызы

Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік архивінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты

Марек Дабровский

Польша Ұлттық жады институтының цифрлық архивтерді басқару және дамыту бөлімі басшысының орынбасары

Мецик Олег Игоревич

Форсайт-әдіскер, ұйымдастырушылық даму бойынша сарапшы, «РЦБТ «SIMKON» фирмасының директоры

Мұқажанов Улар Оразғалиұлы

«Ғылым ордасы» ШЖҚ РМК бас директоры

Мұстафина Әлия Құсайынқызы

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты

Мұхаммет Ахмет Тоқтемір

Түркия Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік архивтер басқармасының директоры

Нидал Ибрахим Мухаммад аль-Ахмад

Иордания Хашимит Корольдігі Ұлттық кітапханасының Бас директоры

Нұрғалиева Ғазиза Құдайбергенқызы

Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының директоры

Нұржанова Әсем Нұржанқызы

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары

Нұрланова Сағила Есімсейітқызы

Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры

Нұрпейісова Бақыт Еслямбекқызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы

Нұрымбетова Гүлшат Рамазанқызы

Қазақстан Республикасы Президенті Архиві ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу орталығының басшысы, саясаттану ғылымдарының докторы

Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры

Пфиндер Ахим

Image Access, Inc халықаралық сату жөніндегі директоры

Романова Елена Анатольевна

Бүкілресейлік құжаттану және архив ісі ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты

Сағадиев Ұлан Болатұлы

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» РМҚК директоры

Санжай Гарг

Үндістан Республикасы Ұлттық архиві директорының орынбасары

Сатаева Сауле Амантайқызы

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты

Сейедхади Мусави

Иран Ислам Республикасы Ұлттық кітапханасының Ұлттық құжаттар және жазбалар жөніндегі орынбасары, PhD

Селянина Елена Ивановна

Қостанай облысының Рудный қалалық мемлекеттік архивінің басшысы

Станислав Коллер

Польша Ұлттық жады институтының аға архив сақтаушысы, католиктік әлеуметтік ғылымдардың докторы

Сүлейманова Зульфия Минмнировна

Өзбекстан Республикасы Ұлттық кинофотофонқұжаттар архивінің ғылыми-анықтамалық аппараты және әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі

Сыздыкова Елена Степановна

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Қолданбалы және ғылыми жобалар орталығының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты

Татьяна Сирбу

Қазіргі және тарихи қоғамдардағы өзгерістерді талдау институтының (IACCHOS) ғылыми қызметкері, Лувен католиктік университетінің перспективті антропология зертханасы (LAAP)

Тащанова Салтанат Нұртасқызы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің мемлекеттік саясат және нормативтік-құқықтық реттеу басқармасының басшысы

Тілепина Шолпан Валерьевна

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы

Угур Унал

Гази университетінің ректоры, профессор

Өскенбаева Раиса Қабиқызы

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Басқарма мүшесі - академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы

Цендсурен Баасанжав Ольхон

Моңғолия бас архив басқармасы ғылыми-әдістемелік бөлімінің бастығы

Чекель Павел Владимирович

VIAR «Ваш Архив» компаниясының техникалық директоры

Чэнь Дэлун

Қытай Халық Республикасы Бас архив басқармасының архив құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету департаментінің реттеу және бақылау технологиясы бөлімінің басшысы

Эндрю Пейн

Біріккен Корольдік Ұлттық архивінің Білім және ағарту бөлімінің бастығы

Юмашева Юлия Юрьевна

«ДИМИ-ЦЕНТР» ЖШҚ бас директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы

Юсупов Улугбек Мирталибович

Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы «Узархив» агенттігінің директоры

Конгресске қатысуға тіркелу

Тіркелу…

Өткізу жері

Президент Архивінің тарихи ғимараты қаланың дәл ортасында Сәтбаев көшесі мен Достық даңғылының қиылысында орналасқан. Алматының іскерлік орталығы.

Контактілер

Электрондық пошта
office@archive.president.kz
Телефон
+7 (727) 264-69-07
Факс
+7 (727) 264-68-21
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві (Достық даңғылы, 87б)