Мұрағатшылар конгресі 2024 ж

Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» архившілерінің II халықаралық конгресі

Тіркеу   Бағдарламаны көрсету

Ақпараттық хат

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Халықаралық архивтер кеңесінің (ICA), ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Өңірлік кеңсесінің қолдауымен ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Алматы қаласының әкімдігімен бірлесе отырып, «Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» тақырыбындағы Қазақстан архившілерінің II халықаралық конгресіне қатысуға шақырады.

Өтетін күні: 2024 ж.1-4 қазан
Өтетін орны: Алматы қ.
Өткізу форматы: офлайн
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын
Негізгі тезис: Қазіргі заманғы архивтер ашықтық пен қолжетімділіктің стратегиялық қағидаларын басшылыққа алып, цифрландыру, жаңғырту мен киберқауіпсіздіктің өзекті басымдықтары арқылы қоғамның назарына баға жетпес білім мен ақпараттың сан алуан көздерін ұсына отырып, орнықты даму мақсаттарының (ОДМ) барлық бағыттары бойынша жаһандық сын-қатерлерге тарихи көзқарас тұрғысынан жауап беретін қажетті құралдарды жасауға қабілетті.
Конгрестің мақсаты тарихи-мәдени, құжаттық мұраны сақтаудың өзекті мәселелері бойынша кәсіби қоғамдастықпен сындарлы диалог құру болып табылады, бұл архивтерді дамытудың инновациялық идеяларын қалыптастыруға және үздік архивтік тәжірибені таратуға ықпал етеді.
II Конгресс жұмысы келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
1

Өзгермелі климат жағдайында архивтеудегі қиындықтарды жеңу.

  • климаттың өзгеруі және архивтердің тәуекелдері;
  • ауа райының төтенше құбылыстары (жер сілкінісі, дауыл, су тасқыны, орман өрттері) және физикалық архивтер;
  • климаттың өзгеруі жағдайында архивтеу инфрақұрылымы (ғимараттар, құрал-жабдықтар, деректерді сақтаудың цифрлық жүйелері);
  • экологиялық орнықтылық;
  • орнықты білім;
  • архивтердің ОДМ-ны іске асыруға қосатын үлесі.
2

Халықаралық диалог пен құқық жүйесіндегі мұра институттары.

  • мәдени мұраны сақтау және оған қолжетімділік;
  • архивтеу және архивтерге қол жеткізудің құқықтық және этикалық аспектілері;
  • архивтер құқықтық ақпарат дереккөзі ретінде;
  • құқықтық құжаттаманы ұйымдастыру және басқару;
  • қалпына келтірудегі сот төрелігі (ресторативтік әділет);
  • репаративті және ауыспалы сот төрелігі.
3

Мұра институттары және қоғамның тарихи жадын қалыптастыру.

  • қоғамның тарихи жадын қалыптастырудағы мұра институттарының рөлі;
  • цифрлық технологиялар дәуіріндегі мұра институттары;
  • мұра институттары құжаттама және ақпараттық ғылымның бірыңғай тұжырымдамасының бөлігі ретінде;
  • тарихи жадыны сақтау бойынша миссия;
  • архивтер және азаматтық белсенділік.
4

Деректерді басқару жүйелері.

  • жасанды интеллект;
  • ауқымды деректерді басқару, қорғау және киберқауіпсіздік;
  • деректер орталықтары және инфрақұрылым;
  • цифрлық логистика, цифрлық менеджмент және цифрлық маркетинг;
  • қолжетімділік және сенімділік;
  • веб-архивтеу;
  • медиа-архивтер.
5

Институализация және архивтерді тиімді басқару.

  • тиімді менеджмент;
  • миссия және стратегия;
  • ынталандыру;
  • кәсіби этика және стандарттар;
  • сапа менеджменті;
  • архивистикадағы халықаралық ынтымақтастық.
6

Архившілердің кәсіби білімі мен дамуы.

  • архивтік кәсіби білім берудің тарихы;
  • цифрлық қоғам жағдайында архившілер мен құжат жүргізушілерді даярлау жүйесі;
  • оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
  • білім беру стандарттары және оқыту сапасы;
  • архивтік білім беру саласындағы инновациялар;
  • әлеуметтік-мәдени әртүрлілік: инклюзивтілік және өкілдік.

Құралдар

Конгресс іс-шараларының нысандары: пленарлық және панельдік сессиялар, воркшоптар, вебинарлар, архивтер мен университеттерге сапарға шығу, жетекші халықаралық және отандық сарапшылардың шеберлік сабақтары, семинарлар және хакатондар, құжаттық көрмелер.

Конгрестің нысаналы аудиториясы – мемлекеттік, ведомстволық және жеке архив қызметкерлері, тарихшылар, мәдениеттанушылар, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, техникалық және кәсіптік оқу орындарының оқушылары, IT-саласының қызметкерлері, ақпаратты қалыптастыру, сақтау және пайдалану мәселелеріне қызығушылық танытушылар.

Конгреске қатысуға өтінімдерді 2024 жылғы 1 маусымға дейін төмендегі электронды поштаға жіберуді сұраймыз: congress.of.archivists@gmail.com.

Қатысушының өтінімі

1. Тегі, аты, әкесінің аты
2. Лауазымы, ұйымы
3. Ғылыми дәрежесі мен атағы
4. Байланыс деректері (e-mail, телефон)
5. Егер сіз қатысқыңыз немесе баяндама жасағыңыз келсе, семинар, шеберлік сабағын және т.б. өткізгіңіз келсе, баяндаманың тақырыбы мен форматын көрсетіңіз

Анықтама телефондары: +7 (727) 264 69 07 (ішкі 104, 101, 107), 264 58 02, 264 38 18, +7 (717) 274 04 45.

Серіктестер

  • Алматы қаласының әкімдігі
    Алматы қаласының әкімдігі
  • Халықаралық архивистер кенесі
    Халықаралық архивистер кенесі
  • ЮНЕСКО
    ЮНЕСКО
  • ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
  • ҚР Сыртқы істер министрлігі
    ҚР Сыртқы істер министрлігі

Спикерлер

уточняются

Конгресске қатысуға тіркелу

Тіркелу…

Өткізу жері

Президент Архивінің тарихи ғимараты қаланың дәл ортасында Сәтбаев көшесі мен Достық даңғылының қиылысында орналасқан. Алматының іскерлік орталығы.

Контактілер

Электрондық пошта
office@archive.president.kz
Телефон
+7 (727) 264-69-07
Факс
+7 (727) 264-68-21
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві (Достық даңғылы, 87б)